75 ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
75 ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
08.01.2023 12:43
602
0

«Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» («Сәбә» сүресі, 39-аят).

 «Мәшһүр Жүсіп» мешіті мен «Зекет» қайырымдылық  қорының ұйымдастыруымен «Күшіміз бірлікте!» науқаны бойынша көпбалалы, жалғызбасты, т.с.с мұқтаж болған 75 отбасына (1 кг май, 1 кг қант, 1 кг ұн, шай, 1 кг күріш, 1 кг гречка, шай және макарон өнімдері т.б.) азық-түлікпен көмек көрсетті.

Көмек алған отбасы мүшелері осы шараны ұйымдастырған азаматтарға  алғыстарын білдірді.

Алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары жалғаса бермек.

\

 

0 пікір