500 АДАМҒА ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ
500 АДАМҒА ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ
29.05.2019 14:45
934
0

Бейсенбі  күні  Ақсу мешітінің ұйымдастыруымен қалалық мешіті асханасында  "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ президенті Валерий Гриненконың спонсырлығымен Ақсу қаласының зиялы қауым өкілдеріне, ақын – жазушыларға, қоғам қайраткерлеріне, Журналистер қауымына, өнер адамдарына, дәрігерлерге, Мұғалімдерге, дініміздің жанашыр кәсіпкерлеріне, қарттарға, Мүгедек жандарға   павлодар облысының өкіл имамы атынан   жамағатқа ауызашар дастарханы жайылды.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне өткізілген шараға ауыз бекіткен қала мен ауылдық елді мекендердің жұртшылығы қатысты. Шара барысында шаһар басшысы  Балғабай Ыбыраев жұртшылықты Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, әр отбасына амандық, қуаныш, бақыт тіледі. Ақсу қаласы мешітінің бас имамы Әбдімүтәліп Омаров, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Залмұқан Арынов тағы басқа құрметті қонақтар сөз сөйлеп, жиналғандарға ізгі тілектерін білдірді.

 Шара соңында ата- бабаларымыздың рухына құран бағышталып, бата берілді.

 

 

 

 

0 пікір