YouTube он жылдығын атап өткелі отыр
YouTube он жылдығын атап өткелі отыр
24.04.2015 10:24
1524
0
www.inform.kz

     Әлемдегі ең ірі видеохостинг YouTube 10 жылдығын атап өтпек. Аталған әлеуметтік желіге ең алғаш 2005 жылы сәуір айында сайтты құрушылардың бірі хайуанаттар паркіне барғандағы видеосын орналастырған, деп жазады «ВВС» агенттігі. 
     Сайтты Google компаниясы сатып алғаннан кейін құрастырушылар мультимиллионер атанды. Қазір әр минут сайын Интернет қолданушылар өз видеоларын енгізеді. Сайтты күніне бірнеше млрд.-тан астам адам тамашалайды. 
     YouTube арналарының көрермені кейбір ең ірі телеарна аудиториясынан да асып кетеді. 
     «ВВС» агенттігінің айтуынша, соңғы уақытта, Facebook және VK әлеуметтік желілері де видое орналастыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, YouTube-тың бәсекелесіне айналды.

 

 

Бүгінгі жаңалықтар:

Қазақстанда техникалық мамандарға сұраныс өсе түспек

 Мамандар семіздіктің басты себебін атады

 Демікпесі ұстаған әйел ингалятормен қоса алтын сырғасын жұтып қойды

0 пікір