«Вконтакте» мен "Instagram"-дағы экстремистік топтар құрықталды
«Вконтакте» мен "Instagram"-дағы экстремистік топтар құрықталды
12.08.2016 12:49
1489
0

«Вконтакте» және "Instagram" желісіндегі оншақты топтар бұғатталады, деп хабарлайды Ақмола облысы Прокуратурасының баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, аталмыш әлеуметтік желілердегі бірқатар қоғамдастықтар экстремистік бағыттағы діни материалдарды таратып келген.

Сонымен қатар, адамды өлімге, суицидке шақырып, үгіттейтін топтар да анықталды. Көкшетау соты жүргізген тексеріс нәтижесінде, шетелдік ақпарат құралы өнімдерін Қазақстанда заңсыз таратылуына қатысты екі шағым түскен. Жақын уақытта сот прокуратура ұсынған топтарға қатысты тиісті шешімді шығарады. 

e-islam.kz

0 пікір