Үш күндік семинар (ФОТО)
Үш күндік семинар (ФОТО)
14.04.2015 13:13
1050
0

     Сәуір айының 13-15 аралығында облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде қала, аудан, ауыл имамдарының 3 күндік семинары арнайы бағдарламамен ұйымдастырылуда.
     Семинарға барлығы 50-ден астам имамдар мен молдалар қатысуда. Семинарда облыс өкіл имамы Н.Исенов, наиб имамдар Д.Байдуллатегі, Н.Манапбаев, Х.Аманқұлов және «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің директоры Б.Отарбаевтар ақида, фикһ, мәзһабтар тарихы, діни істерге байланысты ҚР-ның заңнамалары, бірінші республикалық имамдар форумында қабылданған маңызды төрт құжаттар бағытында  дәрістер  оқып, имам молдалардың білімі мен біліктілігін арттыру бағытында тапсырмалар жүктеп, арнайы ауызша және жазбаша бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр.





Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

0 пікір