Ұлыс күні құрметіне футбол турнирі өткізілді (ФОТО)
Ұлыс күні құрметіне футбол турнирі өткізілді (ФОТО)
24.03.2017 12:32
1360
0

Ұлыстың ұлы күні- әз-Наурыз мерекесінің құрметіне Ақсу қалалық мешітнің ұйымдастырумен облыстық мешіт жамағаттары арасында шағын футболдан турнир өткзілді. Турнирдің мақсаты жастарды салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру, отансүйгіштікке, жастардың арасында саламатты ұрпақ қалыптастыруға, спорт түрлерін кеңінен насихаттауға шақыру.

Ақсу мешітінің имамы Әбдімүтәліб  Жұмаділләұлы аталмыш турнирге қатысушыларға құттықтау сөз айтып, оларға денсаулық Алла Тағаланың пендеге берген аманаты екендігі туралы қысқаша уағызымен сайысты ашты.

Сегіз командадан құралған сайыстың қортындысы бойынша Павлодар қалалық «Ғазиз» мешітінің «Аманат» командасы 3 орын, Ал Майқайың кентінің «Майқайын» командасы 2 орын иеленсе, 1 орын жүлдесін Ақсу қалалық мешітінің «Халид» командасы қанжығасына байлады. Жеңімпаз командалар  алғыс хат, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

Ақсу қалалық мешіті

0 пікір