Түркия мүфтиі қымбат көліктен бас тартты
Түркия мүфтиі қымбат көліктен бас тартты
09.05.2015 14:12
577
0
www.muslim.kz

Түркия елінің дін істері жөніндегі басқарма төрағасы Мехмет Гермез жақында ғана сатып алынған қызметтік көлігін пайдаланудан бас тартты. Айта кетейік, Түркия мүфтиінің Мерседес маркалы қызметтік көлігі 1 000 000 түрік лирасына (шамамен $435 000) сатып алынған болатын. Алайда, темір тұлпарға түрік мүфтиінің тақымы тиместен бұрын оппозициялық партиялар мен қоғам мүшелерінің сыны қарша бораған еді.

«Бұл көлік менің қабіріме айналғандай, – дейді Мехмет Гермез. – Мен оны әлі бірде-бір рет пайдаланбадым. Және өзгелер үлгі болсын деп одан бас тартатынымды мәлімдеймін».

0 пікір