Төрт-ақ жыл өмірінде не көрмеген?
Төрт-ақ жыл өмірінде не көрмеген?
07.04.2015 09:36
1662
2

Сириядағы 4 жасар қыздың түрік тілшісі тарапынан түсірілген суреті небәрі бірнеше сағаттың ішінде бүкіл әлемге танымал болып шыға келді.

Өйткені бұл қыз суретке түсірушінің ірі линзалы камерасын көтеріп қызға қаратқанда, өзіне қару кезеніп тұр екен деген бала ойымен «Берілдім» деген мағынада екі қолын көтере салған.

Фототілші Осман Сағырлы қыз баланың осы әрекетін көріп бір түрлі бейжай күйге түскенін айтады: «Мен камерамның линзасын үлкейткенім сол-ақ екен қыздың қатты шошынып үріккенін байқадым. Екі ерінін жымдастырып, қолын көтере салды. Әдетте, камераны көрген балалар қашатын, күлетін немесе ұялатын. Ал бұл қыз қатты қорқып кетті».

Бұл сурет Сирияның Атмех деген босқындар лагерінде түсірілген. Міне, осыдан-ақ ауызынан ана сүті кеппеген мына бүлдіршіннің өзінің төрт-ақ жылдық өмірінде қаншалықты көп нәрсені көріп, сондай «қарулы» адамды қарсы алдынан көргенде не істеу керектігін де әбден меңгеріп алғанын байқауға болады.

Қазақ тіліне аударған: «Mazhab.kz» сайты

2 пікір
  • 07.04.2015 18:33
    Жок жерден согыс шыгаргандар босып журген бала шаганын обалын ойлай ма екен....Ел аман журтымыз тыныш болгай
  • Админ
    09.04.2015 17:37
    Иә, Алладан еліміздің амандығын тілейік!