Танымал теолог уағыз-насихаттар айтты
Танымал теолог уағыз-насихаттар айтты
19.09.2017 13:11
1985
0

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының білім беру және интернетті насихаттау бөлімінің бастығы, ҚМДБ Ғалымдардың Кеңесінің мүшесі, теолог Ершат Оңғаров Павлодар облысына қарасты бірнеше мешітте болып, уағыз-насихаттар айтты.

 

Ершат Оңғаров өз уағызында  жамағатты ауыз-біршілікке шақырып, Матруди ақидасымен  Абу Ханифа мазһабы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жолының түсіндермесі екенін, және сүннетке сай келетіндігін баяндап, дәстүрлі дінімізді жиналған жамағатқа түсіндірді. Жат ағымда жүргендердің қателіктерін дәлелдермен ажыратып ашықтап берді. Мәселен, Екібастұз қалалық мешітінде жұма уағызын жүргізген Ершат Оңғаров жұма намазынан кейін аталмыш мешіттің жамағатымен арнауы сұхбат жүргізіп олардың әртүрлі сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар ақшам-құптан намазы аралығында Павлодар қалалық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің жамағытмен де кездесіп, сұхбаттасты.

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

 

0 пікір