Taglym.kz сайты жаңа үлгісі іске қосылды
Taglym.kz сайты жаңа үлгісі іске қосылды
16.05.2015 10:22
1331
0

XXI-ғасыр - ақпарат пен жаңа технологиялардың тасқындаған уақыты. Ал жаңа технологиялардың тілін меңгеру заман талабы. Сондай-ақ, «ақпарат ғасырында» бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше екені ақиқат. Өйткені, бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық санаға әсер етіп, қоғамның бір-бірімен байланысын арттырады.
Сондықтан, заманның үнін тап басу мақсатында taglym.kz ақпараттық, діни-танымдық сайты жаңа үлгіге ауысты. Өткен жылы ғана жаңа атаумен ашылған аталмыш сайт ақпарат кеңістігінде өз орнын алып, жағымды жаңалықтарымен, мазмұнды мақалаларымен, білікті де білімді теологтардың видео-медиа дәрістерімен оқырмандарын ақпараттандырып келеді.

ҚМДБ-ның Талдықорған өкілдігінің ресми сайты дін мен дәстүрді дәріптеу, ел ынтымағы мен бірлігіне үлес қосу, имандылық кәусарына бет бұрған жандарды дұрыс әрі маңызды діни құндылықтармен оқырмандарды сусындатып келеді. 
 

 

0 пікір