Шылым шегу адамның ми қыртысын жұқартады
Шылым шегу адамның ми қыртысын жұқартады
15.04.2015 12:56
1381
0

Шылым шегу адамныңөкпесіне зиян келтіріп қана қоймай, оның ойлау қабілетіне де кері әсерін тигізеді.

Мұндай қорытындыны ұзақ уақыт бойы шылым шеккен адамдар мен оны ешқашан шекпегендердің бас миының қыртысын зерттеген ғалымдар жасады. Зерттеуге 244 ер адам мен 260 әйел адам қатысты. Қатысушылардың орташа жасы 73 жылды құраған.

Зерттеу адамдардың жасы ұлғайған сайын темекіні неғұрлым ұзақ әрі көп уақыт шексе, бас миы қыртысының қабаты соғұрлым жұқара түсетінін көрсетті. Бұл ретте жаман әдетін қойып кете алғандарда уақыт өте келе жойылып кеткен ми ұлпасы жарым-жартылай қалпына келген.

25 жыл және одан да көп уақыт шылым шеккен адамдар үшін бұл мүмкін болмады. Бас миы қыртысының жұқару процесі жас ұлғайған сайын әрбір адамның ағзасында орын алады. Темекі шегу бұл процесті жылдамдатады. Ал адам миының дәл осы бөлігі оның ақыл-ойы мен есте сақтау қабілетінің қызметіне жауап береді, деп хабарлайды АиФ.

Дереккөз: ИА "Казинформ"

0 пікір