Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі (ФОТО)
Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі (ФОТО)
19.05.2017 16:25
2629
0

Қасиетті Рамазан айы қарсаңындағы Екібастұз қалалық мешітінің ұстазы Зәуре Шамсидинқызының  ұйымдастыруымен Орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұстаздары Қарлығаш Қажымәлікқызы мен Ақерке Тұрғынбайқызы Екібастұз қалалық мешітінің әйелдер жамағатына уағыз-насихат өткізіп қайтты.

Қарлығаш Қажымәлікқызы «Әйел затында кездесетін қателіктер» тақырыбында уағыз айтып, Ислам дініндегі әйелдерге жүктелген міндеттері жайында және олардың отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы айтты.

Ақерке Тұрғынбайқызы «Әйелді жаннатқа апарар жол» турасында сөз қозғап, әр әйел – үйдің көркі әрі берекесі болуы үшін жасайтын амалдар туралы айтты. 

Кездесу барысында Қазақстанның зайырлы қоғамындағы әйелдің алар орны ерекше екені айтылды. «Отан отбасынан басталады» десек, сол мемлекетімізді, қоғамымызды құрайтын әрбір отбасының діңгегі - ол әйел.

Сондықтан әйел тәрбиелі болмай – ұлт тәрбиелі болмайды, дейді ұстаздар.

Кездесу соңында дастархан жайылып, «Екібастұз» мешітінің шәкірт қыздары «Ене мен келін» тақырыбында көрініс көрсетіп, діни өлеңдер оқыды және викторина сұрақтарына жауап берді. Зәуре ұстаз келген ұстаздарға және қол өнері сайысына белсенді қатысқан шәкірттерге алғыс хаттар мен сыйлықтар берді.

 

Орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір