ҚМДБ: ЕУРАЗИЯ МҰСЫЛМАН ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТЕДІ
ҚМДБ: ЕУРАЗИЯ МҰСЫЛМАН ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТЕДІ
20.02.2018 13:10
2371
0
muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласында 2 наурызда Еуразия мұсылман ғұламаларының форумын өткізеді. ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезекті мәжілісінде осындай шешім қабылданды.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз айтулы іс-шараны жоғары деңгейде өткізуді тапсырды. Арнайы жұмыс тобы құрылып, ұйымдастыру іс-шаралары жүргізілуде.    

Тұңғыш рет өтетін тарихи шараға Еуропа мен Орталық Азияның 22 елінен 30-дан астам делегат, атап айтқанда, Бас мүфтилер, дін қайраткерлері, ислами бағыттағы ұйымдар мен одақтардың жетекшілері қатысады деп жоспарланған.

Бүгінде Түркия, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Татарстан, Әзірбайжан, Румыния, Украина, Латвия, Литва, Эстония, Польша, Венгрия, Хорватия, Моңғолия, т.б. 18 елдің Бас мүфтилері халықаралық шараға қатысатынын ресми мәлімдеді.   

Халықаралық форумда жаңа замандағы мұсылман қауымының жауапкершілігі мен өзара түсінігін қалыптастыру, әлемдегі сын-қатерлерге жауап беру, бүгінгі мұсылман үмбетінің діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитетін арттыру, Орталық Азиядағы Ислам тарихы, діни ықпалдастық және өңірлік рухани қауіпсіздік, жаңа замандағы Ислам және Еуропа факторы, т.б. тақырыптар төңірегінде баяндамалар жасалады. Форумда Еуразия елдерінің ортақ пәтуалар базасын қалыптастыру мәселелесі талқыланып, «Бүгінгі мұсылман үмбетінің келбеті» құжаты қабылданады. Басқосу соңында арнайы қарар қабылданбақ.

0 пікір