Өз бағаңды арттыру үшін...
Өз бағаңды арттыру үшін...
02.05.2015 13:53
1095
0
massaget.kz/

Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі – өз орның мен бағаңды білу. Сонымен бірге бұл жетістікке жетелейтін кезекті қадам. Ал сіз өз бағаңызды білесіз бе? Оны арттыру үшін не істеу керек?  Олай болса есте ұстар ерекше тәсілдерді пайымдай жүріңіз.

Бірінші өзіңе сен. «Өз бағамды көтеру керек» деген қағидаға қатып қалмаңыз. Мұндай қалаудан кейде жолдан шығып қалғаныңызды байқамай қалуыңыз мүмкін. Жетістікке жетуде өз күшің мен жігеріңе ерік бер.

Ойдағы жоспар мен жобаларды ұзақ уақыт бойы жүзеге асырмай жүре бермеңіз. Аздан болса да алғашқы қадамдарын жасауға ұмтылыңыз. Әрбір жеңіс, тіптен ол аз болса да сіздің бағаңызды арттырады.

Бір арманыңыздың шыңын бағындырғаннан кейін тоқтап қалмаңыз. Жаңалықтардан хабардар болып, достарыңыздың санын арттырыңыз.

Түсінбеген мәселе үшін қайта сұраудан, білуден, танысудан, пікір білдіруден қорықпаңыз.

Сырт келбетіңізге баса мән беріңіз. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Спортпен айналысу – адамға күш-қуат береді, мақсатқа қол жеткізуде оптимист болуға көмектеседі.

Кейде өзіңнің қандай жан екеніңді дәлелдеуге шамадан тыс әрекет етуге тырыспаңыз. Ішкі түйсікте өзіңе сенсең болғаны.

Күнделік жазыңыз. Онда жетістіктеріңізді көптеп жазып отырыңыз. Біз кейде жамандықты санамызда көп сақтаймыз да, жақсылықты тез ұмытамыз. Қойын дәптердегі жазбалар - өміріңіздегі қызықты күндерді еске салады.

Өз бағаңды арттыруда өзгелерге ұқсап-бағудың қажеті жоқ. Ішкі дүниеңіз, табиғатыңызды өзгертпей қалпында сақтап қалыңыз.

Қорқынышты жеңе біліңіз. Керісінше қиын деген мәселелерді алдымен шешуге тырысыңыз.

Өз кемшіліктеріңізден сабақ алыңыз. Бағамды арттырамын деп жағымсыз әдеттерге тап болып, жасанды пиғылға жолдас болмаңыз.

Жақын жандарға қол ұшын созудан қашпаңыз. Жақсылық жасауды жаныңызға серік етіңіз.

Тәуекелге барудан қашпаңыз. Өзіңізді өзгертуге және жаңалық ашуға әрекет жасаңыз. 

 

Дереккөз: www.massaget.kz

0 пікір