Оқуға деген құштарлық қасиет ұрпақтан ұрпаққа беріледі - ғалымдар
Оқуға деген құштарлық қасиет ұрпақтан ұрпаққа беріледі - ғалымдар
12.04.2015 07:47
599
0

Голдсмитс Колледжінің және Огайо Университетінің психологтары Ұлыбритания, Канада, Жапония, Германия, Ресей және АҚШ-та өмірге келген 9 бен 16 жас аралығындағы 13000-нан астам егіз баланы зерттеді. Зерттеушілер оқуға деген құштарлықтың шамамен 40-50%-ы генетикалық факторларға байланысты болады деген тұжырымға келді, деп жазады The Daily Mail.

Ғалымдардың сөзіне қарағанда, оқуға деген ынтаның тууына бірнеше ген қатысады. Олардың қоршаған ортамен байланысы да әсер етеді.

Ал  Стэнфорд Университетінің ғалымдары адамдардың оқуы мен ұмтылысын ынталандырған жағдайда олардың жұмысының нәтижелілігі арта түсетініне сенімді. Барлығы генге байланысты деген пікір білім алуды қиындатып жібереді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір