NASA-ның «MESSENGER» станциясы жұмысын тоқтатты
NASA-ның «MESSENGER» станциясы жұмысын тоқтатты
04.05.2015 10:15
619
0
www.khabar.kz

Меркурийдің үстіңгі қабатын 4 жылдан бері зерттеген автоматты планетааралық  станция «MESSENGER» өз миссиясын аяқтады. Аталған ұшу қондырғысы алдын ала  жоспарланғандай ғаламшарда жарылды. Оның қираған көрінісін Жерден бақылау бұйырмады. Себебі станция Меркурийдің Жерден көрінбейтін жағына құлаған. «MESSENGER» ең кішкентай және Күнге ең жақын планетаны зерттеп, ең алғашқы картасын жасаған болатын. Осы зерттеулер нәтижесінде мұздың және полярлық қыртыстар мен химиялық заттардың кең қоспасы бар екендігі анықталған. «MESSENGER» жанар-жағармайын толық тауысқан соң жоспарлы мерзіміне жетіп, жұмысын тоқтатты.  

0 пікір