Мысықша ойнаған кәрі арыстан ғаламтор жұлдызына айналды (видео)
Мысықша ойнаған кәрі арыстан ғаламтор жұлдызына айналды (видео)
18.05.2015 14:40
945
0

15 жылға жуық уақыт бойы қамауда ұсталып, циркте қызмет еткен аңдар патшасы бостандыққа шығарылған кезде мысықша «еркелеп», ұзақ ойнаған деп 24.kz.

Арнайы орынға көшірілген жыртқыш аң өмірінде алғаш рет жасыл шөбі бар алаңда таза ауаға шығарылған.

Сонау 2006 жылы түсірілсе де, YouTube порталында таяуда ғана пайда болған бейнероликті күн сайын 100 мыңға жуық адам тамашалауда.

Белгілі бір тұрағы жоқ, қаңғыбас циркте өнер көрсеткен Уилл атты бұл арыстан осыдан 4 жыл бұрын Бразилияның Rancho dos Gnomos қорығында көз жұмған.

Бірақ он жылдан астам уақыт темір тордан көз ашпаған Уилдің еркіндікке шыққан алғашқы сәттері қорық қызметкерлерін ерекше сезімге бөлеп, олар бұл сәтті бейнеге түсіріп алған екен, деп жазады kp.ru.

0 пікір