Мемқызметкердің жалақысы жасаған жұмысына қарай төленбек
Мемқызметкердің жалақысы жасаған жұмысына қарай төленбек
www.almaty.tv/
09.05.2015 14:23
1274
0
www.almaty.tv/

Елбасы тәжірибелі мемлекеттік қызметкерлер құрамын қалыптастыруға пәрмен берді. Сондай-ақ жалақы мәселесін қайта қарау қажеттігін баса айтты. 

Жан-жақты білімді, сапалы кадрлар жасақтау мақсатында мемлекеттік аппаратқа қызметкерлерді іріктейтін жаңа тест жүйесі әзірленеді. Бұл - Президенттің мемлекетті алға жетелейтін 5 реформасының алғашқысы. Кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы Үкіметке әр реформаның іске асыру жолдарын көрсетіп, алда атқаратын шаруаларды айқындап берді.

«Бұдан былай мемлекеттік қызметке жұмысына адал, талантты, жан-жақты дайындалған азаматтарды ғана алу керек. Мемлекеттік қызметке үміткерлерге арналған сынақтар жасалынады. Ол мемлекеттік қызметкерлердің бірыңғай жүйесіне сәйкес болуы тиіс. Сондай-ақ олардың жалақысы жасаған жұмысына төленеді»,- деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 

0 пікір