Матадан жасалған маска аурудан қорғай ала ма?
Матадан жасалған маска аурудан қорғай ала ма?
25.04.2015 10:25
1709
0
www.kaztv.kaztrk.kz

Ғалымдар медицина қызметкерлері арасында эксперимент жүргізіп, матадан жасалған масканың 97 пайызы ауру өткізетінін анықтаған.

Ғалымдар көптеген ортақ пікірлерге қарамастан, матадан жасалған масканың дәрігерлер мен медбикелер ағзасына қорғаныстан көрі, ауру, инфекция тудыратынын анықтады. Бұл туралы BMJ Open журналы хабарлайды. «Біз, әдетте, масканы эпидемия мен індеттердің тұтануы кезінде жанымызда вакцина немесе дәрі-дәрмек болмаған кезде инфекциядан қорғану үшін киеміз. Біз, медицина қызметкерлерінің матадан жасалған қорғаныс маскасын кез келген жағдайда, әсіресе, денсаулығы үшін жоғары тәуекел жағдайларда, жансақтау, педиатрия немесе туберкулез бөлімінде пайданланбау керектігін көрсетіп отырмыз»,-деп мәлімдеді Сиднейдегі Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің ғалымы Раина Макинтайр. Макинтайр мен оның әріптестері вьетнамдық медицина қызметкерлері арасында кең ауқымды эксперимент жүргізеді. Эксперимент барысында олар халық арасында кең таралған матадан жасалған маска мен кәсіпқойларға арналған бір реттік масканың ауруды тудыратын микробтардан сақтауын салыстырды. Экспериментке қатысушылар 3 топқа бөлінді. Оның екеуі Макинтайр мен оның әріптестері жұмыс кезінде масканың бір ғана түрін пайдаланады. Ал үшінші топ Вьетнамның медицина мекемелерінде қолдануға болатын және жұмыс ережелеріне сәйкес келетін қорғаныс заттарын қолданған. Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, матадан жасалған маска адамды ауру жұқтыратын микробтардан қорғауға қабілетсіз болған. Масканы мәжбүрлі түрде киген медбикелердің 60 пайызы, бақылау тобындағы әріптестеріне қарағанда жұмыс кезінде микроб жұқтырып, жиі ауырған. Анығында мұндай маскалардың 97 пайызға жуығы ауру немесе емделуші ағзасынан ұшып шығатын сұйық тамшылар мен бөлшектерді жібереді. Салыстырмалы түрде, қағаз бен полимерден жасалған бір реттік маскалар сұйық тамшылардың 44 пайызын ғана өткізетіні анықталған. Нәтижесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының денсаулық сақтау қызметі медбикелерге матадан жасалған масканы қолдануды толықтай тыйым салуды және оларға бір реттік қорғаныс жабдықтарына ауысу керектігін ескерткен.


 

Бүгінгі жаңалықтар:

 Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталына 1 жыл

Мобильді калькулятор-қосымша намаз уақытын дәл есептеуге мүмкіндік береді

Малды шариғат талабына сай союдың баламалы жолын ұсынды

 

0 пікір