Мамыр айында қазақстандықтар 13 күн демалады
Мамыр айында қазақстандықтар 13 күн демалады
07.04.2015 09:59
3289
0

Қазақстан тұрғындарын мамыр айында 13 күн демалыс күтіп тұр,  - делінген Қазақстан үкімет үйінің ресми сайтында.
Мамыр айында елімізде үш мемлекеттік мереке аталып өтіледі: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні.
Жеңістің 70 жылдығы демалыс күніне сәйкес келетіндіктен, Қазақстан заңнамасына сәйкес, 9, 10 мамырдан (сенбі, жексенбі) бөлек, 11 мамыр да (дүйсенбі) демалыс болып белгіленген. Осыған орай, мамыр айындағы демалыстар 13 күнге толығады.

0 пікір