Жүректен туған ой жүзеге асуда
Жүректен туған ой жүзеге асуда
11.02.2016 11:36
1049
0

Павлодар облысының Ақсу  шаһарындағы кәсіпкерлер зейнеткерлерге нан, картоп және басқа да көкөністі тегін үлестіріп жатыр.

Қырық мыңнан астам тұрғыны бар Ақсу қаласының ауылдық аймағында көкөніс өсірумен айналысатын отыздан астам шаруашылықтар бар және де қалада бірнеше наубайханалар да жұмыс істейді. Осы кәсіптің иелері қарттарға жәрдемдесу мақсатында биыл игі жобаны қолға алыпты. Бір топ бизнес өкілдері күн сайын кезектесіп Ақсу қаласындағы жеті сауда орны арқылы зейнеткерлерге күнделікті нан, картоп және өзге де көкөністерді тегін таратады. Ол үшін тұрғындарға зейнеткерлік куәлігін көрсетсе болғаны, бір бөлке нан, екі келі картоп және тағы екі келі басқа да көкөніс тегін беріледі.

Игі идеяның бастамашысы болған кәсіпкер Россана Кораблева, бұл шын жүректен туған ой екенін айтады. «Ешкім маған үйреткен жоқ және ешкім ақыл берген жоқ. Қолда барда қолдау көрсету қажет. Ізгілікті іс қашанда алдыңнан шығады. Ертең өзімізде қарт боламыз», дейді бизнес леди.

 Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

0 пікір