Жазасын өтеушілермен кездесу (ФОТО)
Жазасын өтеушілермен кездесу (ФОТО)
14.05.2015 18:24
1279
0

Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб имамы Қанат Қабдыкәрімұлы мен «Бижан» мешітінің имамы Абдуссамад Айтқазыұлы қала сыртындағы  АП-162\3 түзету колониясындағы жазасын өтеушілермен имандылық тақырыбында мазмұнды әңгімелер мен уағыз насихат айтты. Бұл кездесуге 20 шақты жазасын өтеушілер қатысып, жоспарлы сабақ әңгімелесу, сұрақ-жауап, тақырыптарды талқылау түрінде өткізді. Имамдар жазасын өтеп жатқан шәкірттеріне  қасиетті Құран хикметтері, иман негіздері және Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) сүннеті жайлы  кең көлемде, түсінікті етіп уағыздар айтты. Сонымен қатар оларға  Құран Кәрім кітабымен қоса ҚМДБ-ның төл басылымы «Иман» журналы және «Дін мен дәстүр» кітаптарын таратып берді. Бекітілген жоспар бойынша жүргізіліп отырған уағыз-насихат жұмыстары нәтижелі екендігін алға тартты.

 

 

 

0 пікір