Жат ағым бойынша жүргізілетін түсіндірме жұмыстың тиімді жолдары пысықталды
Жат ағым  бойынша жүргізілетін түсіндірме жұмыстың  тиімді жолдары пысықталды
17.07.2017 13:24
1656
0

 Өткен аптада Павлодар қалалық мешіттерінің имамдары  және Ақсу, Екібастұз, Баянауыл, Лебяжі  аудан мешітінің имам, наиб имамдарымен  бірлесіп «Мәшһүр Жүсіп»орталық мешітінің  наиб имамдары Қ.Қабаев, Н.Қайырбеков, Д.Байдуллаев, Х. Аманкуловтар  жат ағымның  жетегінде жүрген азаматтарға   дәстүрлі дінімізді кеңінен түсіндіру жұмыстарының   әдіс-тәсілдерін пысықтады. Басқосуда имамдарға келесі тапсырмалар  жүктелді:

  1. Мешітте жат ағымдар жүрген жамағат санын анықтау.
  2. Жат ағымда жүрген азаматтардың  нақты қай жолды ұстанатының  ажырату.
  3. Жеке түсіндірме жұмыстарын  жалғастыру.
  4. Жат ағымның қатарында жүрген азаматтарды барынша дәстүрлі дінімізге тарту.

Бас қосқан имамдар жат ағым бойынша жүргізіліетін жұмыстар жайында өз ойларын салды.  

0 пікір