ЖАҢА ИМАМДАР ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСТІ
ЖАҢА ИМАМДАР ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСТІ
06.05.2015 11:02
1873
0

Ақсу және Железин аудандарының маңызы Павлодар облысы үшін ерекше. Ақсу ауданы өндіріс және мәдени ошақтар шоғырланған орталық болса, Железин ауданы алып көршімен аралас-құралас отырған ең шалғайдағы астықты аудан.

Жуырда осы екі ауданға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен жаңадан имамдар тағайындалды.


Омаров Әбдумутали Жумадиллаұлы

Ақсу ауданына имам болып тағайындалған Омаров Әбдумутали Жумадиллаұлы 1959 жылы 6-сәуірде дүниеге келген. 1991-1993- жылдары Ташкентте діни білім алған. 1994-2008 жылдар аралығында Ақтоғай ауданы Спартак аулы мешітінде (қазіргі Қараоба) имам, Ақтоғай ауданы мешітінің бас имамы, Ертіс ауданы Ленин ауылы мешітінің имамы, Павлодар ауылының «Қасым қажы» мешітінің имамы қызметтерін атқарған. 2011-2012 жылдары «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне қамқоршы болды. 2012 жылы 25- мамырдан бастап Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы қызметін атқарып келді. Ауданға имам болып тағайындалар алдында орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы қызметін 2 жыл атқарған.


Касенов Есбол Айтмұханбетұлы

 Ал Железин ауданының жаңа имамы Касенов Есбол Айтмұханбетұлы 16.08.1984 Павлодар облысында туған. 2009-2013 жылдары аралығында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқып тәмамдаған. 2013 жылдан бастап Павлодар қаласының «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде ұстаздық қызмет атқарды. 2014 жылдың шілде айынан бастап Павлодар қалалық «Ар-Рахман» мешіті және қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешіттерінде наиб имам қызметтерін атқарған. Үйленген, баласы бар.

 Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Барлығың жауаптысыңдар. Басшы – еліне, отағасы – отбасына, малшы малына жауапты. Әркім өз қарамағындағылардан сұраққа тартылады» деген. Олай болса, жаңа тағайындалған имамдарымызға асыл дініміз бен Отан алдындағы  абыройлы міндеттерін  жемісті өтеп, туған елі мен жерінің гүлденіп, көркеюіне иманмен атсалыссын!,-деген тілегімізді айтамыз.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

0 пікір