Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталына 1 жыл
Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталына 1 жыл
25.04.2015 12:26
1722
0

     Елімізге рухани байлық беруде ерен еңбек етіп келе жатқан Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы ақпарат айдынына қосылғанына бір толды. Осы бір жыл ішінде үлкен сұранысқа ие болып, көпшіліктің көкейіндегі рухани түйіткілдің шешілуіне әсер еткен әріптестерімізді ыстық ықыласпен құттықтаймыз. "Бір жасқа толған сәби қандай қылықтар шығаруы мүмкін, ол осы уақыт ішінде күлуді, жан-жағына көз жүгіртуді, өзіне назар салған адамды танып, оған жауап ретінде жымиюды ғана үйренеді" - деп сипаттапсыздар. Иә, расымен де қылықтарыңыз тәтті, өзіне баурайды. Еріксіз елітеді, жас сәбиге қарағандай мейіріммен қарайды ел-жұрт. Алыс-жақын көпшілікке енді танылып жатса да, өзінің сүйікті, тұрақты оқырмандарының санын арттырып үлгерді. Қазір порталдың тұрақты оқырмандарының күндік орташа саны 9-10 мыңнан асып жығылады. Бұл бір жылдық жақсы жетістік. Қазақ елі, ислам жұртшылығы сіздерді талай белестерді бағындырады деп сенеді.

     Осыдан дәл бір жыл бұрын порталдың ашылу салтанатында сөз алған ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, белгілі ғалым, профессор Әділ Ахметов сынды ел ағалары портал ұжымына табыс тілеп, алдағы уақытта биіктерден көріне беруіне тілектестіктерін айтып, сенім білдірген болатын. Қазір бүкіл оқырмандардың көзайымына айналған порталға дүйім ел тілекші болып отыр.  Өткен жылғы ашылу салтанатынан естелік ретінде:

Оқырмандырдың сүйікті порталының бір жылдың көлемінде жеткен көптеген жетістіктері бар. Солардың бірі жыл сайын ұйымдастырылатын «Award.kz» ұлттық ғаламтор-жүлдесінде «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді.

 

 

Бүгінгі жаңалықтар:

Стамбулда Дүниежүзілік Түркі форумы өтуде

Матадан жасалған маска аурудан қорғай ала ма?

Мобильді калькулятор-қосымша намаз уақытын дәл есептеуге мүмкіндік береді

Малды шариғат талабына сай союдың баламалы жолын ұсынды

0 пікір