Индонезияда тамаққа таластан 100 мигрант өлді
Индонезияда тамаққа таластан 100 мигрант өлді
18.05.2015 14:51
1317
0

Индонезияда батып бара жатқан кемеден құтқарылған заңсыз мигранттар бортта азық-түлікке таласып, туындаған жанжал салдарынан жүзге жуық адам қаза тапқанын мәлімдеді.

Мигранттардың айтуынша, қаза тапқандардың кейбірі бауыздалса, кейбірін асып өлтірген, кейбірін суға лақтырып жіберген, деп хабарлады Би-би-си.

Басылым қазіргі уақытта тәуелсіз көздерден олардың айтқандарын растау мүмкіндігі болмай тұрғанын атап өтеді.

Бұл ретте мигранттардың айтқаны БАҚ-тың басқа хабарламаларымен сәйкес келеді.

Индонезияға жеткізілген 700-ге тарта мигранттар қазір Ачех лагерінде. Су ішпей, аш жүргендіктен, олардың көпшілігінің денсаулығы нашарлаған.

Мигранттар Малайзияға бет алған, алайда айтуларынша, олардың жолын малайзиялық әскери теңіз күші тежеген.

Кейбір деректерге сүйенсек, олардың кемелері екі айға жуық теңізде теңселіп жүруіне тура келген. Мигранттар нақтылағандай, заңсыз адам тасым алымен айналысатын команда таяу күндері бұларды тастап кеткен.

Қазірде Бангладештен, Бирмадан келген мыңдаған мигранттар теңізде қайықта айналшықтап жүр. Өйткені Малайзия мен Таиланд билігі олардың жағалауға жақындауына тыйым салуда.

Олардың басым бөлігі рохиндж мұсылмандары - олар этникалық себептермен қудаланған Мьянмадан келген аз ұлт өкілдері.

Кеше Мьянма үкіметі мигранттардың дағдарысқа ұшырауына жауапты емес екендігін мәлімдеді.

 

 

ҚазАқпарат

0 пікір