Ғалымдар Айдың қайдан пайда болғандығы туралы жаңа деректер келтірді
Ғалымдар Айдың қайдан пайда болғандығы туралы жаңа деректер келтірді
10.04.2015 17:08
2233
0

Жер серігі - Жер мен Тейя планетасының соқтығысуынан пайда болған деген теория қалыптасқан. Бұл теорияға жүгінсек, осыдан 4,5 млрд жыл бұрын Марс планетасы сиақты Жер де Тейя планетасымен соқтығысып Ай пайда болған. Қазіргі таңда геофизиктер бұған байланысты жаңа дәлелдер келтіруде. Зерттеушілердің айтуынша, Ай Жер мен Тейя ғаламшарларының сынықтарынан құралған. Бұл гипотеза 1970 жылдары пайда болғанымен, әлі күнге дейін өз күшін жоғалтқан жоқ. Өйткені, Жер мен Ай химиялық құрамы жағынан өте ұқсас әрі Айда темір ядросының болмауы Оның Жер мен Тейя ғаламшарларының сынықтарынан құралғанын растайды. Сол себепті, Жер серігі Тейя материясының сынықтарынан құралған болуы мүмкін, алайда Айдың құрамы Жер планетасының құрамына да ұқсайды. Бұл Жер мен Тейя планеталары химиялық құрамы жағынан ұқсас дегенді білдіреді. Бірақ, бұған дейінгі жүргізілген зерттеулерде ұқсастық тек 1% ғана құраса, жаңа зерттеулер басқа нәтиже көрсетіп отыр. Қазіргі таңда ғалымдар бұл ұқсастық 20-40%-ды құрайды деген тұжырымға келіп отыр.

Жер мен Ай не себепті бір-біріне қатты ұқсайды?
Ғалымдар мұны екі планетаның бір-біріне өте жақын орналасқандығынан және Айдың Күннен Жер сиақты бірдей арақашықтықта орналасқандығынан деп түсіндірді.

АҚШ зерттеушілері бұл гипотезаны қолдап, Ай мен Жер шарының құрамындағы Гафния-182 азаюынан, Вольфрам изотобы-182-ге дейін өзгерді деп түсіндіреді, яғни, бұл Айдың бетіндегі изотоп Жер бетінен әлдеқайда көп екендігін растайды (әрбір 27 бөлікке милионнан). Ғалымдар мұны Жер, кометалар мен астероидтардың материясын белсенді түрде көбейтіп тұр дейді.

Жер мен Ай егіздер емес. Олар бір планетадан пайда болды, алайда бір ортада өскен бауырлар іспеттес.

0 пікір