Ғалымдар адам миының бионды аналогын жасады
Ғалымдар адам миының бионды аналогын жасады
13.05.2015 10:44
1015
0

Аустралияның Мельбрун қаласындағы Корольдік технология институты (RMIT) MicroNano зерттеу орталығының мамандары адам миының жұмыс істеу барысын көрсететін электронды жады құрастырды. Адамның шашынан 10 000 есе жіңішке болатын есте сақтау элементі ақпаратты өңдеу мен сақтауды қамтамасыз ететін ми жұмысын алмастыра алады - деп хабарлайды massaget.kz.

Ғалымдар өз жетістіктеріне жоғары баға беріп отыр. Жадының электронды торлары арнайы жасақталған құрылғыларға 0 және 1 сандарының көмегімен ақпарат жібере аладыБіз ойластырған электронды жады бір тордың өзінде үлкен диапазонды сандарды сақтай алады. Егер қарапайым есте сақтау элементін жарық сөндіргішімен салыстырсақ, оны тек өшіруге және жағуға болады. Ал біздің нұсқа диммер (қуат реттегіш) фунциясын береді», - дейді зерттеу жұмыстарының жетекшісі Хусейн Нили (Hussein Nili).Бұл жаңа электронды тордың адам миы сынды шынайы өмір тәртібінде ақпаратты өңдей алады деген сөз. Аустралиялық ғалымдардың зерттеу жұмыстары Advanced Functional Materials ғылыми журналында жарияланды. Зерттеуші мамандардың айтуынша, адам миының бионды аналогы медицина саласында Паркинсон және Альцгеймер ауруларын емдеуде оң нәтижесін бермек.
Сонымен қатар, ғалымдар бұл зерттеудің сүбелі нәтижесі роботтық технологияға, нақтырақ айтар болсақ, жасанды сананың дамуына да ықпалын тигізеріне сеніммен қарап отыр. Заманауи компьютер бионды миға жіберілген ақпаратты сандық түрге ауыстырып, сосын өңдейтін болады. Ал адамның миы бұл процесті тікелей орындап, уақыт үнемдей алады. Болашақта жасанды сананың нейрондық торлары да осындай нәтижеге жетуі ықтимал.
Дереккөз: massaget.kz.
0 пікір