Ғабдуғафар Қалдыбаев соңғы жазған хатын ұрпағына «жоғалтпаңдар» деп аманаттапты
Ғабдуғафар Қалдыбаев соңғы жазған хатын ұрпағына «жоғалтпаңдар» деп аманаттапты
29.04.2015 06:19
737
0
www.kaztv.kaztrk.kz

Майдангер Ғабдуғафар Қалдыбаев - соғысқа дейін тоталитарлық жүйеден жапа шекендердің бірі.

«Майдангер хаты» жобасы аясында Ұлттық арна тілшілері сандық түбінде сарғайып жатқан талай хаттың сырын ашты. Редакциямызға келген бұл жолғы жазба талдықорғандық майдангер Ғабдуғафар Қалдыбаевтың соғыста жазған соңғы хаты.
Майдангер Ғабдуғафар Қалдыбаев - соғысқа дейін тоталитарлық жүйеден жапа шекендердің бірі. Атасы мен әкесі қажылыққа барғаны үшін «халық жауының баласы» атанады. Атына түскен қара дақтан құтылу үшін ол соғыстың алғашқы күндері-ақ өзі сұранып майданға аттанады. Елге жолдаған хаттарында үнемі Отанына адал, елін шексіз сүйетінін айтудан жалықпапты.

«Амандық хат! Қымбатты анам, Бекен апа, жан жолдасым Уәш, балаларым Таня мен Амангелді, бауырларым Темірбай, Торқа, Нығытай, Егізтай! Аман сау жүрген боларсыздар?! Қалдарыңыз жақсы шығар?! Мен де аман-есен жүрмін. Бұрынғы тұрған отрядымыз тарап, өзіміздің полкке барғалы тұрмыз. Ертең жүреміз. Онда барған соң тек майданға кірісу керек. Мен ғана емес, отряд түгел майданға кірісуге дайын. Жауды талқандап елге оралармын. Жүз көріскенше аман болыңыздар. Хат жазушы Ғафар».


0 пікір