Ерлер мен әйел-қыздар жамағаты назарына
Ерлер мен әйел-қыздар жамағаты назарына
09.09.2019 12:13
541
0

Қасиетті Құран Кәрімнің ең бірінші түскен аятында: «Жаратқан Раббыңның атымен оқы», - деп жазылған.  Ислам дінінің басты мұраты – білім кәусарымен әрбір мұсылман баласын діни ілімдермен сусындандыру.

"Мәшһүр жүсіп" мешіті жамағатына аптаның барлық күндері арнайы кестеге сай сабақтар жүріліп жатыр. Мешіттегі діни дәрістер Ислам дінінің тарихы,  дін – тәрбие бастауы, рухани тазалық, ар-ұят пен адалдық, Ислам ғылымхалы (Фиқһ), Иман шарттары (Ақида), Құран әліппесі және тәжуид пәндері қамтылады.

Білім берудің аса маңызды сатысы араб тілінің грамматикасын игеру. Тілді игеру әліпбидің жаттауынан, әрі қарай сөзді қосып оқуынан басталады. Аптаның үш күнінде арнайы ақсақалдар жамағаты жиналып, өзара бір-бірін тартып сандарын арттыруда.

Діни сауаттылық жалпыға ортақ мүдде. Өзге жат ағымдардың жетегінде еріп, рухани ұлттық құндылықтарымызды, дәстүрімізді жоққа шығармақ болудан сақтап қалу, дәстүрлі дінімізді, салтымызды дұрыс жеткізу, өсиет етіп қалдыру – біздің басты мақсатымыз.

mazhab.kz 

Парақшаларымызға тіркелеміз

@mazhabkz

 

 

0 пікір