Дзюдо. Рустам Ыбыраев – «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы!
Дзюдо. Рустам Ыбыраев – «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы!
09.05.2015 14:36
1482
0

Әзербайжан астанасы – Бакуде өтіп жатқан дзюдодан «Үлкен дулыға» турнирінде қазақ палуаны Рустам Ыбыраев (60 кг.) жеңімпаз атанды. Бұл туралы KazSport телеарнасы хабарлады. Рустам алғашқы белдесуінде швейцариялық Людовик Чамартинді, ал келесі кездесуде австралиялық Людвиг Пайшерді жеңді. Ширек финалда ол Әзербайжанның белгілі палуаны, әлем чемпионатының қола жүлдегері, әлемдік рейтингте үшінші тұрған Орхан Сафаровтан басым түсті. Финал жолдамасына таласта Рустам Германия сенім артқан Тобиас Энглмайерді жеңді. Ал шешуші сында Франция спортшысы Винсент Лимарды ұтты. Рустам Ыбыраев былтыр «Үлкен дулыға» турнирінде қола жүлдеге қол жеткізген еді. Бакудегі сайыс 8 мамырда басталғанын айта кетейік. Соңғы белдесулер 10 мамырда өтеді. KazSport телеарнасы аталған сайысты тікелей эфирде көрсетуде.

Ақпарат көзі: www.egemen.kz

0 пікір