ДУБАЙДА ӘУЕ ТАКСИІ ПАЙДА БОЛДЫ
ДУБАЙДА ӘУЕ ТАКСИІ ПАЙДА БОЛДЫ
26.06.2017 11:15
1994
0

Жыл соңында Біріккен араб әмірлігінде жаңа көлік қатынасы іске қосылады.
Дубай көлік және жол қозғалысы басқармасы 2017 жылдың төртінші тоқсанында әуе таксиі қызметін бастайды.

«Аталмыш шараның мақсаты – Дубайды әлемдегі ең технологиялық дамыған қалаға айналдыру. Бұған қоса, біз мұндай такси түрлерін Дубайдағы климаттық жағдайларға бейімді етіп жасауды да жоспарлаймыз. Біздің міндетіміз – халыққа қолайлы, жылдам және инновациялық қозғалыс түрін ұсыну» деп мәлімдеді Көлік және жол қозғалысы басқармасы Директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы және бас директоры Маттар әл-Тайер.

Жоба авторларының айтуынша, әуе таксилері электр қуаты арқылы жұмыс істейді, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сенімді жүйемен жабдықталған, автопилот функциясы және автономды қозғалыс арқылы жолаушыларды жолаушыларды қалаған жеріне жеткізеді.

kazislam.kz

0 пікір