Д.Исабековтың «Өкпек жолаушы» қойылымы Лондонда сахналанды
Д.Исабековтың «Өкпек жолаушы» қойылымы Лондонда сахналанды
www.astana-akshamy.kz/
01.05.2015 14:48
1509
0
www.khabar.kz

Қазақстандық сахна саңлақтарына талғампаз ұлыбританиялық көрерменнің алдында өнер көрсетті. Бұл елде Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда музыкалық драма театры Дулат Исабековтың «Өкпек жолаушы» атты шығармасын қазақ тілінде сахналады. Спектакль Британ Корольдігінің музыка колледжінде қойылды. Отандастарымыздың өнерін бағалауға келгендердің қарасы қалың. Олардың арасында ағылшын студенттері мен қазақ диаспорасының өкілдері, Ұлыбританияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер және осы елдегі елшілік өкілдері бар. Шара Орта Азия мәдениетін  батыста дәріптеп жүрген Халықаралық Шыңғыс Айтматов Академиясы мен Қызылорда әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. «Өкпек жолаушы» шығармасының Лондон сахнасында осымен 2-ші рет сахналануы. Алғаш рет «Орзу» Британдық Орта Азия театры ағылшын тілінде ұсынған болатын. Қазақ тілінде қойылған спектакль шетелдік көрермендерге түсінікті болу үшін электронды субтитр қолданылған.

0 пікір