Демікпесі ұстаған әйел ингалятормен қоса алтын сырғасын жұтып қойды
Демікпесі ұстаған әйел ингалятормен қоса алтын сырғасын жұтып қойды
osteohondroz24.ru/
24.04.2015 09:54
1615
0

Австралияның 41 жастағы тұрғыны абайсызда ажалдың құрығына іліне жаздады.

Демікпесі ұстаған ол ауыз қуысына дәрі сепкіш ингалятор қақпағына түсіп кеткен алтын сырғаны жұтып қойған. Абырой болғанда, дәрігерлер оның оң жақ қолқасынан металл бұйымды алып шығып, әйел аман қалды. Көңілді кешке қыдырып барған әйел демікпесі қысқан уақытта қол сөмкесінен ингаляторын алып, оны бірден аузына апарған. Сол сәтте шыққан өзгеше дыбысқа ол аса көңіл бөлмеген. Ал ингаляторды басып қалғанда, ол тамағы арқылы белгісіз заттың ішке өтіп кеткенін бір-ақ білген. Оған көмекке жеткен ақхалаттылар сырғаны небәрі 1 минутта кері алып шығып, ингаляторды келесі жолы қолданарда өте мұқият болуын ескертіпті, деп жазады planet-today.ru.

Ақпарат көзі:  www.24.kz

0 пікір