Буркина-Фасо құрамасы Алматыға келді
Буркина-Фасо құрамасы Алматыға келді
11.05.2015 11:43
1331
0

12 мамыр күні Қазақстан ұлттық құрамасымен жолдастық кездесу өткізетін Буркина-Фасо құрамасы бүгін Алматыға келді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлады.

«Қара құрлықтың» құрамасы төмендегідей құрамда Алматыға келді: Мохамед Байлу («Расинг Клуб Бобо»), Мохамед Ламин Зунди («АС дю Фасо-Йеннега»), Бубакар Куэдрого («Козаф»), Мамуни Компаоре («АС Сонабель»), Зием Сомда («ЮС Форсе Армее»), Максим Уттара («АС Сонабель»), Фуссейни Бео («Расинг Клуб Бобо»), Иссуф Паро («Этуаль Филант»), Сайду Симпоре («АС Сонабель»), Эрман В. Кайенде («Козаф»), Алиассу Сану («АС Сонабель»), Абубакар Сидики («Этуаль Филант»), Ассанэ Ашаби Жимбо («Этуаль Филант»), Сидней Мохамед Силла («ЮС Форсе Армее»), Якуба Сонье («Этуаль Филант»), Эрман Бонавенур Савадого («АС Сонабель»), Эрик Траоре («ЮC Уагадугу»), Ардиума Сану («АСФ Бобо-Диуласо»), Омар Каборе («ЮС Форсе Армее»), Франсис Каборе («Этуаль Филант»), Госсо Савадого («АС Сонабель»), Бану Диавара («Расинг Клуб Бобо»), Трезор Мофоссо (ФК «Рахимо»). 

Бас бапкер: Идрисса Мало Траоре.

Барлық футболшылар Буркина-Фасоның ішкі біріншілігінде өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, Юрий Красножан баптайтын Қазақстан құрамасы Буркина-Фасомен 12 мамыр күні сағат 18:00-де Алматының Орталық стадионында жолдастық кездесу өткізеді. Кездесу "Хабар" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Дереккөз: www.massaget.kz

0 пікір