Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбырлы болады
Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбырлы болады
18.05.2015 14:48
976
0
today.kz/

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және екпінді жел соғады, республиканың оңтүстік-батысында тұман түседі деп хабарлайды today.kz.

«Тек Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында ауа райы ашық болады. Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-22 м/с дейін күшейеді. Алматы облысының кей аумақтарында найзағай ойнайды. Маңғыстау облысында тұман түседі. Атырау, Ақтөбе облыстарында жел күші 15-20 м/с жетеді», - делінген «Қазгидромет» ақпаратында.

 

0 пікір