Бір айлық семинар басталды (ФОТО)
Бір айлық семинар басталды (ФОТО)
09.05.2015 16:53
654
0

Қоғамға жағымсыз көріністерге тосқауылдар қою мақсатында, сонымен қатар  мәйітті ақтық сапарға шығарып салу рәсіміндегі шариғатқа қайшы әртүрлі іс-әрекеттерді болдырмауды халыққа кеңінен насихаттау мақсатында облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұйымдастыруымен қалалық мешіттерге қарасты қызметші молдаларға арналған бір айлық оқыту, білім-біліктілігін арттыру семинары-сабақтар басталды.

Семинарға Павлодарға қарасты мешіттердің 40-тан астам молдалары қатыстырылып дәрістер тыңдап, пікірталас, семинар сабақтары жүргізілмек. Оларға облыстық орталық мешіттің және қалалық мешіттердің білікті имамдарымен қатар, «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің ұстаздары ақида, фиқһ, ислам әдептері және басқа да пәндерден бекітілген бағдарлама бойынша арнайы курс- сабақтарын бір ай бойы аптаның дүйсенбі,сейсенбі, сәрсенбі күндері жүргізетін болады.

Өкіл имам Н.Исенов: «Алланың үйі болған мешіттердің шариғи талаптарға сай атқарып жатқан істеріне тұрақты көмек көрсетіп, дәстүрлі дініміздің аясында әдет-ғұрыптарымыздың атқарылуына үлкен қолғабыс жасап келе жатқан қызметші молдалар сіздерге біздің құрметіміз зор. Сіздер қарапайым молда ғана емес, халықтың рухани ұстазысыздар. Хақ дініміздің қадір қасиетін дұрыс түсіндіріп, шариғат талаптарын халқымыздың өміріне дұрыс қалыптастыру үшін ҚМДБ-ның ғұламалар кеңесінен  дінтанушы ғалымдар, білімді де білікті имам молдалардың ақыл-кеңесі, ой-пікірлері, ата-бабадан жалғасқан ғұрыптарды негізге ала отырып көптеген пәтуалар жасалып жатыр. Оларды сіздер халыққа дұрыс түсіндіріп жеткізуге тиіссіздер. Біз сіздер арқылы халықты тәрбиелейтін боламыз»,-деді.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

0 пікір