Берлинде Пайғамбарымыздың көзі тірісінде жазылған Құран парақшалары табылды.
Берлинде Пайғамбарымыздың көзі тірісінде жазылған Құран парақшалары табылды.
11.04.2015 10:25
2048
0

        Берлиннің мемлекеттік кітапханасында сақтаулы тұрған және ұзақ уақыттан бері ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың тірі кезінде жазылған деп жорамал жасалып келген Құран парақшалары, шынында да, сол дәуірге тән деп ғылыми түрде дәлелденді. Зюрих зертханаларының бірінде жіті тексеруден өткен жеті пергамент параққа жазылған Құран аяттары 606-652 жылдар аралығында жазылғаны анықталды. Бұл жоба бүкіл Еуропа аумағындағы Құран кәрім нұсқалары ғылыми тұрғыдан зерттеу нысанына алынуда.

     Қасиетті Құранның Берлиндегі бұл нұсқасы шамамен жүз жылдан бері осы мемлекеттік кітапханада сақталып келген. Мысыр астанасы Каирде өмір сүрген бір ғалымға мұра болып қалдырылған бұл парақшалар 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезінде Германияға алынып келінген. 

Дереккөз: www.ahbar.net

0 пікір