Астанада «Кенесары хан және қолбасшы: мәселелер мен ізденістер» атты конференция өтеді
Астанада «Кенесары хан және қолбасшы: мәселелер мен ізденістер» атты конференция өтеді
www.kaztrk.kz
13.04.2015 09:41
1027
0
www.kaztrk.kz

17 сәуірде Астанада Е.Бекмаханов және І.Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойларына арналған «Кенесары  хан және қолбасшы: мәселелер мен ізденістер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Шараны ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты. Негізгі мақсат – қазақ тарихында маңызды орын алатын, ұлттық руһ беретін тұлға  Кенесары Қасымұлының өмірі мен қазақ мемлекеттілігін сақтаудағы іс-қызметі бойынша жүргізілген ғылыми ізденістерге талдаулар жасап, болашақта атқарылатын мәселелерді анықтау. Конференция К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысын зерттеудің тарихнамасы; Тарихи және фольклорлық деректердегі Кенесары бейнесі; Хан Кене және ұлт-азаттық қозғалыс: этно-археологиялық ізденістер бағыттары бойынша ұйымдастырылмақ. Шара барысында Е.Бекмаханов және І.Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойларына орай ұйымдастырылған «Алаш рухты тұлғалар» атты көрменің тұсаукесері өтпек.

0 пікір