Ақтөбеде алып сәби дүниеге келді
Ақтөбеде алып сәби дүниеге келді
15.04.2015 12:16
1130
0

Ақтөбеде салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді. Бұл туралы NewTimes.kz-ке сілтеме жасап Егемен Қазақстан басылымы хабарлады.

9 сәуірде дүние есігін ашқан шарананың салмағы 6 келі 600 грамм болды. Ал бойы – 66 см. Баланың анасы Пригородный елді мекенінде тұрады.

34 жастағы Сәуле Қанатованы бұл төртінші баласы. Сәбидің алып болғанына қарамастан анасы табиғи жолмен босанған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір ана мен сәбидің денсаулықтары жақсы.

Ақтөбе облыстық перинаталды орталығының басшысы Нұрлан Ізімов осы жайтқа қатысты: “Бұл біздің орталықта дүниеге келген сәбилердің ішіндегі ең алыбы”, – деді.

Дереккөз: Егемен Қазақстан

0 пікір