АҚСУДА ӨТКЕН АЛҚАЛЫ ЖИЫН
АҚСУДА ӨТКЕН АЛҚАЛЫ ЖИЫН
09.05.2015 15:59
784
0

Павлодар облысына қарасты барлық қала, аудан имамдарының кезекті басқосуы Ақсу қаласындағы С.Дөнентаев атындағы қалалық мәдениет сарайында болып өтті. Жиналыс басталар алдында Ақсу ауданы мәслихатының хатшысы, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы қатарлы лауазымды тұлғалар арнайы келіп облыс, қала, аудан имамдарына өздері тарапынан ізгі тілектері мен ұсыныстарын айтып,  жұмыстарына табыстар тіледі.

Алқалы жиын ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исеновтің басқаруымен  өтті. Басқосуда қала, аудан имамдарының 2015 жыл басынан бері ҚМДБ-дан басымдық көрсеткен төрт бағыт бойынша  атқарған іс-қызметтерінің есебін  тыңдалып, атқарылған іс-шаралар барысына толығымен талдау жасалды. Сонымен қатар «Нұр Мүбарак» университеті, «Әбу Ханифа» және облысымыздағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне шәкірттер оқыту мәселесі қаралды. Мектеп оқушыларының жазғы демалысында мешіттер жанынан діни сауат ашу курстарын тыңғылықты дайындықпен қарсы алу жұмыстарды басты назарда ұстау тапсырылды. Жиналыс барысында  облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамдары Н.Манапбаев, Х.Аманқұлов, Д.Байдуллатегі, аппарат басшысы У.Мақұлұлы, Жалпы және жастар бөлімінің басшысы А.Оралхановтар өздерінің жауаптанған қызметтік бөлістеріне  орай имамдарға қатысты ескертулер мен тапсырмаларын таныстырды.

Алқалы батамен аяқталған жиналыс Ақсу қалалық №2 мектебінде өткен қала, аудан имамдарының 4 құрама командасы қатысқан волейбол кубогы үшінгі сайысқа ұласып, Ақсу ауданы имамдарынан құралған команданың жеңісімен аяқталды.

Облыс имамдарының келесі көшпелі жиналысы маусым айының басында Железин ауданында өтетін болып келісілді.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

 

0 пікір