Алматыдан 209 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Алматыдан 209 шақырым қашықтықта жер сілкінді
06.05.2015 10:32
1067
0

Бүгін 03 сағат 51 минут кезінде жер сілкінісі болды.

Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеді.

Тербеліс эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 209 шақырым жерде Қазақстан аумағында болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,4 болса, магнитудасы MPV 4.4, ал тереңдігі 25 шақырымды құраған.

Сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.

0 пікір