Алматыда «Абай әндері» атты кеш өтеді
Алматыда «Абай әндері» атты кеш өтеді
14.04.2015 15:29
1616
0
www.kaztv.kaztrk.kz

 ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 17 мамыр күні Алматыдағы Ө.Жолдасбеков атындағы  Студенттер сарайында  хакім Абайдың әндеріне арналған концерт өтеді. Ұлы ойшыл, Алаштың данышпан ақыны, композитор Абай Құнанбайұлының әндері мен сөзіне жазылған музыкалық шығармалар кешінде қазақ эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Олардың қатарында Нұрғали Нүсіпжанов, Шахимардан Әбілов, Роза Рымбаева, Нұржамал Үсенбаева, Бекболат Тілеухан, Мирас пен Құралай Бекжановтар және басқалар бар. Ақпараттық қолдаушы – «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы.

 

0 пікір