Алғыс күні алғыс айтылды
Алғыс күні алғыс айтылды
01.03.2016 14:58
1988
0

Бірінші Наурыз-Қазақстан Республикасы Прнезиденті 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен бұл күнді   халықтардың бір-біріне және қазақтарға көптеген халықтар елге күштеп қоныстандырылған кезде  төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс білдіре алатын күн деп жариялаған еді. Осы күннің құрметіне  орай ҚМДБ-ның Павлодар облысындағы өкілдігі және орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінен қайырымдылық мақсатында жыл бойы жүргізіліп келген «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметіне елеулі еңбек сіңіріп, өз үлестерін қосқан бір топ дін жанашырлары, демеуші жамағатқа алғыс білдіріп, өкіл имам атынан «Алғыс хатпен» қоса қасиетті Құран Кәрім табыс етілді. Бақытжамал қажы Елеукенов, Қайырболат Жансұлтанов, Біржансал Құсайынов, Ульям Мақұлұлы қатарлы дін жанашырлары болған қайырымды азаматтарға берілген алғыс хатында өкіл имам Нариман Исенов: «Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі – қайырымдылық. Құран Кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның әміріне бойұсыныңдар,  Алла жолында  мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды...»,- дейді.

Алла Тағала берген мал-мүлікті жақсылыққа, қайырымдылыққа жұмсаған адам мол сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ақиқат байлық - мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық - кеңпейілділік, қайырымдылық»,-дейді.Әрбір жақсылық іс адамның жүзіне жарқындық, жүрегіне нұр орнатады. Әрі оның ризығын кеңейтіп, денесінің қуатын арттырады.

 Сіздің Алланың разылығы үшін жесірдің жыламауын, жетімнің мұңаймауын,  мұқтаж жандардың қиналмауын қалап  жасаған ізгі амалыңыз үлгі тұтуға лайық.

 Алла разы болсын, мұқтаж жандар үшін үздіксіз жасап келе жатқан қайырымдық-көмектеріңіз, олардың мүддесі үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз мол сауаптан болсын деп АЛҒЫС білдіремін!»,-делінген.

 Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

0 пікір