Әлемнің ең биік ғимаратынан 558 адам парашютпен секірді (видео)
Әлемнің ең биік ғимаратынан 558 адам парашютпен секірді (видео)
02.05.2015 15:07
998
0
www.massaget.kz

Американың «Dream Walker» командасы мен бір топ кәсіби экстремалдық спорт шеберлері әлемдегі ең биік нысан саналатын Дубайдағы «Princess Tower» ғимаратынан парашютпен секірді.Ұйымдастырылған шара үш күнге созылып (80 сағат), 558 адам ғимарат биігінен төмен қарай құлдилаған.

Аса қауіпті іс-шараға қатысушылар алдын-ала жергілікті «SkydiveDubai» және «Xdubai» компанияларымен келісімшартқа қол қойған. Нәтижесінде сол компаниялардың аттары жазылған арнайы киімдер арқылы өнер көрсеткен. Қатысушылардың секіру сәтінде жанына ала шыққан бейнекамералары нәтижесінде арнайы ролик жасалып, «Youtube» желісіне жүктелген. Қазіргі таңда бұл ролик миллионнан астам көрілім жинап үлгерді.

Айта кетейік, Дубайдағы «Princess Tower» ғимараты әлемдегі ең биік зеңгір үй саналады. Биіктігі 414 метрді құрайтын ғимарат 101 қабаттан тұрады. Құрылысы 2012 жылы аяқталып, пайдалануға берілген. 
0 пікір