Тайсон: Мені Алла таңдады
Тайсон: Мені Алла таңдады
05.12.2017 13:01
456
0

Өткен демалыс күндері Қазақстанға әлемге әйгілі боксшы Майк Тайсон келді. Synergy Global Forum Almaty шарасында қонақ болған боксшы өзінің қиындыққа толы балалық шағы, достары, бапкері, отбасы және ислам туралы баяндады.

Он мыңдаған аудитория алдында сөз сөйлеген Майк бала кезінде жеуге ештеңе таппағанда тамақ ұрлағанын есіне алды. Сондай-ақ, ол өзінің әйелін ең жақын адамы деп білетінін, барлық жеңістерінің себепшісі сол адам болғанын жасырған жоқ. «Мен боксер болуды армандадым. Мұхаммед Әлимен кездесу маған үлкен шабыт берді.

Мен 11 жаста болған кезде, Мұхаммед Әли біздің мектепке келген болатын. Осы кездесуден соң, мен боксер боламын деп шештім. Қуанышыма орай, маған жақсы жаттықтырушы тап болды» деді ол. Майк көп ақша тапқанын, алайда олардың барлығын жұмсап тастағанын алға тартты. «Иә, мен ақшаны оңды-солды жұмсадым. Қазір олай етпеймін» деп қосты. Боксшы өз кезегінде уақытын текке жұмсамайтынын, соған қоса продюсерлікке қадам басқысы келіп жүргенін атап айтты. «Мен шоу жасадым.

Мультфильмнің дыбысталуына, фильм түсіріліміне қатыстым, енді продюсерлік етсем бе деймін» деді. Майк, сонымен қатар, сатқындық тақырыбында да сөз қозғады. «Мен сенуге болмайтын адамдарға сеніппін.

Басты кінәм – өз өміріме қажетсіз адамдарды кіргізгенімде. Менің төрт мың досым болды. Банкрот болған кезімде, осы достардың ешқайсысы жанымнан табылмады. Қазір достарымның саны бар болғаны төртеу ғана» деп мәлімдеді ол. Боксер ислам дінін ұстанып, соның шарттарымен өмір сүреді. «Мен мұсылманмын. Мені Алла таңдады» дейді Майк.

http://muftyat.kz

0 пікір