Спортшы 13,5 млн $ садақа жасады
Спортшы 13,5 млн $ садақа жасады
07.08.2015 12:29
791
0

Танымал швейцарлық теннисші Роджер Федерер Малави елінде білім мекемелерін салуға 13,5 млн доллар қаражатын садақа етті. Спортшының садақасына жалпы саны балаларға арналған 81 мектеп-балабақша ғимараттары тұрғызылады.

Ірі көлемдегі садақа Африка құрлығындағы тұрмыс тауқыметін көрген отбасы балаларының болашағы үшін толықтай балалар мекемесін салуға жұмсалмақшы.

Айта кету керек, спортшы Роджер Федерер Credit Suisse Швейцар банкі арқылы игі жобаға 10 жылдан бері үн қосып келеді. Теннисші Р.Федерер 2009 жылдан бері осы ұйымның беделді ұйымдастырушы тұлғасы. Оның Швейцар банкімен жасасқан келісімшарты да 10 жылға жоспарланған. Бізге белгілісі, Credit Suisse банкі Р.Федерерге жыл сайын 8 млн доллар төлеуге міндеттелген.

0 пікір