Селфи тағы бір адамның түбіне жетті
Селфи тағы бір адамның түбіне жетті
19.05.2015 09:54
2581
0

Румынияда селфидің кесірінен тағы бір қайғылы оқиға орын алды. 18 жастағы Анна Урсу есімді бойжеткен құрбысымен пойыздың үстіне шығып, суретке түспек болған, өкінішке қарай, оның аяғын ток өткізетін сымға тиіп кетіп, 27 мың вольт разрядтық ток соққан. Бұл жайында «Mirror» ақпарат көзі хабар таратты. Ал оның құрбысы пойыздың үстінен жерге құлап түскен. Ток соққан бойжеткен емханаға жеткізілгенімен денесінің 50 пайызын күйік шалғандықтан оны аман алып қалу мүмкін болмады. Ал құрбысының жағдайы қазіргі уақытта бірқалыпты.

Селфи жасаймын деп сақтық шараларын ұмытып, қаза тапқандар қарасы көбейіп келеді. Мәселен, үстіміздегі жылдың ақпан айында теміжолда тұрып, суретке түспек болған америкалық азамат пойыз астына түсіп өлді. Тура осы айда ұшқыш суретке түсемін деп, ұшақты жерге соқты. Адам өлімімен аяқталған селфиге қатысты мұндай мысалдар көп-деп жазады islam.kz

Бүгінгі жаңалықтар:

Samsung Galaxy Note 5 шілде айында таныстырылады

«Өнер қырандары» театры Ұмра қажылығын өтеді (ФОТО)

Шығысқазақстандық өнертапқыштар тұрмысқа қажетті тың техникалар ойлап табуда

Ғалымдар баланың ойлау қабілетін жетілдіретін тағамдар тізімін жасады

Болашақта мектеп түлектері ҰБТ-ны бірнеше мәрте тапсыруы мүмкін - ҚР БҒМ

 
0 пікір