Сауд Арабия мүфтиі: «ИШИМ» Ислам дінімен еш байланысы жоқ
Сауд Арабия мүфтиі: «ИШИМ» Ислам дінімен еш байланысы жоқ
10.08.2015 10:23
1019
0

Сауд Арабиясының бас мүфтиі Шейх Абдул Азизи ибн Абдалла Абха қаласында болған мешіттегі жарылысқа байланысты «әл-ахбария» телеканалына шығып өз пікірін былай білдірді:

«Бұл адам сенгісіз өте ауыр қылмыс. Мешітте өзін-өзі жарып жіберген адамның әрекеті адамгершілікке де, дінге де ешбір қатысы жоқ. Бәлки, ол адамның бойында иманы да жоқ десе болады. «Бүгінде «ИШИМ» Ислам дінімен еш байланысы жоқ. Мен барлық Ислам ғалымдарын осындай «ИШИМ» секілді террористік ұйымдардың қатарына кіріп кетпес үшін жастарға тиімді насихат жүргізуге шақырамын».

Атап кетсек, өткен бейсенбіде Абха қаласындағы бір мешітке жанкешті беліне жарылғыш зат тығып мешітке кіріп өзін-өзі жарып жіберген. Салдарынан 15 азамат көз жұмды.

0 пікір