Рамазан Қадыров 300 хафизге диплом табыстады
Рамазан Қадыров 300 хафизге диплом табыстады
19.05.2015 11:50
736
0

Шешенстан астанасы Грозный қаласындағы хафиздар даярлайтын Хеди Кишиев атындағы мектепті 300-ден астам шәкірт тәмамдап, арнайы дипломға ие болды. Бұлардан бөлек, төрт оқушы ижазаға ие болды-деп хабарлайды muslim.kz

Хеди Кишиев атындағы хафиздар даярлайтын мектепте өткен салтанатты шараға ел басшысы Рамзан Қадыров келіп қатысты. Ол өз сөзінде хафиздерді оқу курсын аяқтауларымен құттықтап, ел игілігі жолында жемісті қызмет етулерін тіледі. «Сендер енді хафизсыңдар! Ізгі ілімнің иесісіңдер!» – республика басшысы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта шешенстан аумағында хафиздар даярлайтын бес мектеп жұмыс істейді.

0 пікір